Топ жігітке зорланған қыздың ағасы қарындасын қалай тапқанын айтып берді

Сейсенбі, 23 Тамыз , 2016 10:56

Алматы облысында отыз жастағы келіншекті аяусыз зорлаған үш азамат қамауға алынды. Полицейлер тағы бір күдіктіге іздеу жариялаған. Қазір ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бір апта бұрын Есік қаласында болған бұл оқиғаны Жібек Мусинованың анасы жасырмай жайып салған еді. Бейнежазба арқылы жұрттан көмек сұраған Гүлбадар Мусинова қызын қорлағандардың қатаң жазалануын талап етіп отыр,-деп жазды КТК арнасы.

жәбірленуші

Қоғамды дүрліктіріп жіберген бұл оқиға осыдан бір апта бұрын болған екен. Яғни 14 тамыз күні туыстарының туған күнін атап өту үшін Есік қаласындағы мына мейрамханаға келген Жібек Мусинованы төрт жігіт ұрлап әкеткен. Яғни соқталдай азаматтар отыз жастағы әйелдің ағасын ұрып-соғып, өзін көлікпен алып кетіпті.

Содан күдіктілер қорғансыз келіншекті жабылып зорлап, білгендерін істеген. Ең сорақысы – бұл оқиғаның бәрі аудандық ішікі істер бөлімінің түбінде болыпты. Яғни төрт жігіттен жәбір көрген қарындасын Болат Мусинов полиция бөлімшесінен таяқ тастам жердегі көлік ішінен тауып алған.

«Көліктен үш кісі шықты. «Қарындасым дайда?»-деп сұрап едім, «артқы орындықта отыр»-деді. Ашып қарасам шалаңаш отырған қарындасым: «Олар мені зорлады» деп айтты,-дейді Жібек Мусинованың ағасы Болат Мусинов.

Осы сәтте екі күдікті қашып кеткен. Ал қалған екеуін Жібектің ағалары ұстап, полицейлердің қолына тапсырыпты. Бірақ тәртіп сақшылары оларды жібере салған. Сондықтан жәбірленушінің анасы жанайқайын айтып, ғаламтор арқылы видеоүндеу жариялаған еді. Гүлбадар Мусинованың бейнежазбасы желіде қызу талқыланып, бұл іс облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығына дейін жеткен. Осыдан кейін тәртіп сақшылары дереу үш күдіктіні қамауға алып, тағы біреуіне іздеу жариялады.

«Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодекстің төрт бабы, яғни зорлау, адам ұрлау, бұзақылық және күш қолдану фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір бұл іспен Алматы облыстық ІІД-ті тергеу басқармасының тергеушілері айналысып жатыр. Төртінші күдіктінің аты-жөні белгілі. Ол да жақында қамауға алынады»,-дейді Алматы облыстық ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Ал зорланған келіншек қазір ауруханада жатыр екен. Қызым қатты шошынып қалған дейді анасы.
«Жібекті бірден дәрігерге көрсетіп, медициналық тексерістен өткіздік. Жүйке-жүйесі бұзылған екен. Сондықтан оны Алматыдағы емханалардың біріне жатқызып, емдетіп жатырмын»,-дейді Жібек Мусинованың анасы Гүлбадар Мусинова.

Ең қызығы осы оқиғадан кейін бұл үйге шақыртусыз келетін қонақтардың қатары көбейген. Яғни күдікті жігіттердің ата-аналары күн сайын кешірім сұрап, істі жылы жабу үшін қомақты қаржы да ұсынған екен.

Алайда Гүлбадар Мусинова қызын қорлағандарды кешірмеймін дейді. Сондықтан ашынған ана төрт жігіттің де қатаң жазалануын талап етіп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар