Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Top Gear Қазақстанда болмай қалған түсірілімнің шығынын 720 мың долларға бағалады

Top Gear тобы Қазақстанда жоспарланған түсірілімнің тоқтатылуы өздеріне 720 мың доллар көлемінде шығын болғанын атаған. Бұл туралы сәрсенбі күні  The Sun жазды.

көлік-түсіру

«Би-би-си» өкілдерінің анықтағанындай жоспардың жарты жолда жүзеге аспай қалуына топтың еш қатысы жоқ. 40 адамнан тұратын түсіру тобы 26-шы наурыз күні  Мәскеуден «Аэрофлот» компаниясының кесірінен Қазақстанға ұша алмай, Лондонға қайтқан еді. Топ мүшелері Қазақстандағы түсірілімнің кейінге шегерілгенін айтады. Ал жарты жолдың шығынын заңды түрде өтеп алу мақсатында әрекеттенетіндерін де жоққа шығармайды.

«Аэрофлот» компаниясының қызметкерлері 26-шы наурыз күні Қазақстанға жоспарланған бағыттың ,қабылдаушы тарап рұқсаты болмағандықтан,тоқтатылғанын хабарлаған. Барлығы  алты рейс жоспарланған уақытта ұшпай қалған.Әуе компания  келесі күні әдеттегі жұмысын жалғастырған болатын.

14-ші наурыз күні түсірілген  Top Gear-дің  жаңа маусымға арналған бағдарламасына  байланысты Лондон халық өз наразылығын білдірген. Эпизодтардың бірінде 1919 жылғы  Бірінші дүниежүзілік соғысты еске алуға арналған картинка Кенотафа-мемориалының жанынан алынған.

Top Gear — британдық автокөліктер жайлы бағдарлама.  Теле жоба 2012 жылы  әлем бойынша көрермені ең көп бағдарлама ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Бұған дейін түсіру тобының әуе рейстері тоқтатылуына байланысты Мәскеуден Лондонға қайта кеткендері жайлы жазған болатынбыз.

 

 

 

Талқылау