Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Top Gear”-дің Шымкенттегі түсірілімі әуе рейстеріне байланысты тоқтатылды

Top Gear командасы «Аэрофлот» әуе компаниясының Қазақстанға ұшу бағыты тоқтатылғанына байланысты Лондынға  қайтты. Бұл туралы ҚР қаржы министрлігіндегі  мемлекеттік кірістер  комитетінің қызметкері  Жамбыл Сұрғанов хабарлайды. Шетелдіктердің елімізге келуіне осы азамат алдын ала көмектесіп, кеңес берген екен.

көлік1

«27-ші наурыз күні Астана уақытымен  24:00-де  «Аэрофлот» компаниясының  Қазақстан бағыты бойынша барлық рейстері тоқтатылды. Ал Top Gear командасы 22:50-де ұшуы керек еді. Яғни олар үлгеріп тұрды. Әуе компаниясы да  Шымкент бағыты бойынша жолаушыларды тасмалдап үлгереміз деп болжаған. Бірақ британдықтар сол бойы жете алмай қалды. Әуе жолы ашылған сәтте «Аэрофлот» рейстерін Алматы бағыты бойынша жібере бастаған. Ал Шымкент бағытын тек 28-ші наурыз күні ұшады деп түсіндірген. Ал транзиттік аймақта жолаушыларға бір күннен артық жүруге тыйым салынған. Сондықтан Top Gear командасына Лондынға қайтуға тура келді»,-дейді  Сұрағанов.

Оның сөзінше енді Қазақстанда аталмыш топтың түсірілімі болатын, болмайтыны екі талай. Мәселе продюсерлердің алдағы уақытта шығындарды жабатын қаржы бөлуіне байланысты екен.

«Қазір Қазақстандағы түсірілім бойынша үлкен кеңес болады. Сол жерде түсірілімнің болатыны немесе болмайтыны нақты айтылады. Негізінен Қазақстанда оларды күтіп алатын адам бар»,-деді Жамбыл Сұрағанов.

Оның сөзінше сұрақ түсіру тобының 31-ші наурызға дейін Қазақстанға жетете алуына тікелей байланысты болып тұр.

«Түсіру екі бөлімнен тұратын. Бірінші бөлімде машиналарды тестілеу, екінші бөлімі «Байқоңырда», онда ракеталарды ұшыру жоспарланған. Олар ракетаның ұшырылу сәтін түсірулері керек,бұл маңызды. Ал ол 31-ші наурызға белгіленіп қойған»,-деді Сұрағанов.

Түсіру тобы Оңтүстік Қазақстанға жетуі керек еді. Бірінші күні  жалпы түсірілім Шымкент қаласында жүргізілуі тиіс болған. Екінші күні олар Түркістанға бармақшы еді. Осы мақсат үшін арнайы жол талғамайтын Мерседес көлігі Шымкентке алдырылған .

көлік2

Бұған дейін түсіру тобы Қожа Ахмет Яссауи және Рабии Сұлтан Бегім сияқты кесенелерге баруды жоспарлаған. Одан бөлек  Отырар, Сауран сияқты қалаларды жол талғамайтын көлікпен аралап, түсіру жоспарланған еді.

көлік

 

Талқылау