Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоңазытқыштан табылған балалар оқиғасы: бір жасар егіздердің жазығы не?

Алматы қалалық полициясы кеше тоңазытқыштан өлі күйінде табылған балаларға оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

3229567

Еске салсақ, 11 қыркүйек күні Түрксіб ауданындағы пәтерлердің бірінен егіз балалардың денесі тоңазытқыш ішінен табылды. Полиция мәліметінше, күдікті ата-ана қолға түскен. Олар екеуі де тұрақты табысы бар адамдар. Ал балаларды өлтірген күдікті 29 жастағы Өзбекстан азаматы екен. Сонымен қатар, балалардың анасы Алла Волченко да қазір тергеу изоляторында.

Дәл сол күні қаладағы “Самал” ықшамауданынан табылған кішкентай ұл бала осы Алла Волченконың үлкен ұлы болып шықты. Балалардың ата-анасы үнемі ішімдік ішеді екен. Қылмысты мойындаған ер адам бұған әйелдің келісімімен барғанын айтыпты. Олар жұмыстан соң шаршап демалмақ болғанда, балалар жылап мазасын алған. Сосын олардың құтылу үшін, қолдарын қанға малыпты.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да ұрылар бір отбасының екі мүшесін өлтіріп, қомақты ақшаны ұрлап кетті

Маңғыстау облысында тойдан қайтып келе жатқан бір отбасының 7 адамы жол апатынан көз жұмды

Теміртауда пәтердегі өрттен 5 жасар қыз көз жұмды

Атырауда көршісін пышақтап өлтірген азамат ұсталды

Талқылау