Тоңазытқыштан өлі табылған егіздердің ағасы Өзбекстанға жіберілді

Алматыда әке-шешесінен тірідей, бауырларынан өлідей айрылған Равиль Волченконы әжесі Нұрия Гильмутдинова Өзбекстанға алып кетті. Осы уақытқа дейін бала қаладағы балалар үйінің бірінде тұрып келді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жақында Медеу аудандық қорғаншылық пен қамқорлық бөлімі баланы әжесіне берді. Оны әжесіне табыстамас бұрын әжесі мен немересінің туыстық қатынасын дәлелдейтін ДНҚ сараптамасынан өткен.

Равильдің егіз бауырын ата-анасы тұншықтырып өлтірген болатын. Қаңғырып жүрген баланы қала тұрғындары тауып алып, арнайы органдарға жеткізген.

Еске сала кетсек, 11 қыркүйекте жантүршігерлік оқиға Түріксіб ауданында болған. Көппәтерлі үйлердің бірінде тоңазытқыштың ішінен сәбилердің мүрдесі табылды. Сол күні Медеу ауданында адасып жүрген екі жастағы ер бала полицияға жеткізілді. Бала өлген егіздердің ағасы екені анықталды. Егіздердің өліміне күдікті ретінде олардың ата-анасы ұсталды.

15 желтоқсанда Алла Волченко – 18 жылға, Эмиль Гильмутдинов  20 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 3 наурызында Медеу ауданы қорғаншылық және қамқоршылық органы Волченко Алла Александрқызын ата-аналық құқығынан айыру туралы сотқа талап арыз берді.

Тағы оқыңыз:

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Алматыда үш әйелді қатігездікпен өлтіріп, біреудің мүлкін өртеген қылмыскердің ісі сотта қаралуда

Бұл не масқара: ШҚО әкімі өңірді суға кетірген басшыларға шүйлікті 

ЖОО-ға қосымша гранттар туралы ақпарат қашан шығатыны белгілі болды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар