Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоңазытқышта отырып қолтырауыннан жасырынған ер адам аяғынан айырылды

Ямайканың Пур-Менз-Корнер қаласында электрик ер адам қолтырауынның құрбаны болды. Ол аяғынан айырылды. 

48 жастағы Найджел Гейл жағалауға шығып, тынықпақ болады. Суға тізерлеп отырғанда, оған қолтырауын тап береді. Ер адам көмек шақырып айқайлайды. Алайда жанында ешкім болмаған. Ақырында қолтырауынның басынан ұстап, аяғын шығарып алады. 

Гейл жағалауда жатқан жарамсыз тоңазытқышқа кіріп, қолтырауыннан қорғанады. Өзінің белдігімен жарасын таңып, қанды тоқтатады. 

"Біреу маған құлағыма сыбырлағандай болды. "Тоңазытқышқа кір" деді. Кірдім. "Белбеуіңді таңып, қанды тоқтат" деді, таңдым", - дейді ол. 

Зардап шеккен электрик жағалауда осылайша түні бойы отырды. Қолтырауын тоңазытқышқа жақындағанда Гейл шулап қоя берген. Шуды естіген жыртқыш кері қайтып кетіп отырған. 

Таңертең әлдекім Гейлді байқап, оның емханаға жетуіне көмектеседі. Емханада Гейлдің аяғын кесіп тастады.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр