Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тонайтын ештеңе қалған жоқ": Атырау тұрғындары ұрылардың кесірінен үйлеріне кіре алмай отыр

Атырау маңындағы бүтін бір елді мекеннің тұрғындары ұрылардың кесірінен жарыққа зар болып отыр. Ұры-қары енді құрылыс материалдарына да ауыз сала бастапты. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар бастарында үйі бола тұра, қаладан пәтер жалдауға мәжбүр. Өйткені, мұнда инфрақұрылым атымен жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

Жарыксыз

Зарослый ауылына электр энергиясы тұрғындар көшіп келе бастағаннан-ақ тартылыпты. Бірақ, ауыл халқы үйлерін салып бітіреміз дегенше, мұндағы электр сымдары қолды болған. Қазір тек қираған трансформатор мен кесілген желісі желмен ойнаған электр бағандары қалған.

"2017 жылы үй салып бітіріп қойып едік. Енді көшіп келейік десек жарық жоқ, сондықтан көше алмай отырмыз. Қазір бала-шағаммен пәтер жалдап отырмын.  Бір балам мүгедек", - дейді Зарослый ауылының тұрғыны Айтөре Ғабдолғалым.

Табан ақы, маңдай термен табылған дүниелерінің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп жатқандығына ашынған халық көмек сұрап жауапты деген біраз орынға барыпты. 

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мамандарының айтуынша, 2012 жылы мердігер мекеме аталған елдімекенге электр желісін түгелдей тартып, оны жергілікті әкімдік қабылдап алған. Бірақ, арада апта өтпей жатып, «Атырау Жарық» мекемесі не себепті екені белгісіз, тоқ беруді тоқтатқан. Іле-шала тонау басталған.

"Тонайтын ештене қалған жоқ. Қазір мәслихаттан кері қаражат сұратып жатырмыз. Қаражат көзі бөлінгеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары іске асырылады", - деп жауап берді Атырау қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Бауыржан Ихсанов.

Әкімдіктегілер әзірше осындай сырғытпа жауаппен құтылғанымен, әзірге тыныштық таппатындай. Себебі бұл ауылда тек жарық мәселесі ғана емес су, жол мәселесі де шешілмеген.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр