Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Кариб теңізінің қарақшылары” фильміндегі актер Сатаевтың “Томирисінде” рөл сомдайды

«Томирис» тарихи фильмінде голливудтық актердің бой көрсететіні белгілі болды. Шетелдік актер Гассан Массуд парсы патшасы Кирдің рөлін сомдайды, деп жазады Stan.kz.

"Томирис" фильмінде Голливуд актері рөл сомдайтыны белгілі болды

Бұл туралы фильмнің режиссері Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Достар, біздің «Томирис» фильмімізде Кир патшаның рөлін дарынды, танымал Гассан  Массуд ойнайды», – деп жазды Сатаев.

Гассан Массуд режиссер Ридли Скоттың бірқатар фильмінде рөл сомдаған. Сонымен қатар ол әйгілі “Кариб теңізінің қарашқылары” фильмінде бой көрсеткен.

«Оның «Царство небесное» фильміндегі Саладин рөлін ерекше бағалаймын. Оның біздің фильмімізге түсуіне сеп болғандарға алғыс білдіремін», – деп жазды режиссер.

Өз кезегінде режиссердің таңдауына желі қолданушылары да тәнті болды. Олар актердің сырт келбеті ерекше екенін айтып, Кир патшаның рөлін алып шығатынына сенім білдірді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау