Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мен көшеден келген жоқпын": Тоқаев премьер-министр қызметін атқарғанда қандай жетістікке жеткенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта қандай мәселелерді шешумен айналысатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Өз сөзінде президент елімізде медицина саласының сапасы, жалақының төмендігі, экология, таза су мәселелері шешілмегенін атап өтті.

"Бұл маңызды мәселелерді үнемі басты назарда ұстайтын боламыз. Жалпы, қазіргі уақытта ұзын-сонар есептің қажеті жоқ, нақты шешімге көшу керек. Халық көп сөзден шаршады. Сондықтан біз мәселелердің шешімімен осындай стильде айналысатын боламыз, - дейді президент.

"Мен негізінде шынайы адаммын. Саясатқа көшеден келген жоқпын, төбеден түскен жоқпын. Мен қиын кезеңдерде, энергоресурстардың бағасы төмен шақтарда премьер-министр болып қызмет атқардым. Сол кездің өзінде Қазақстанның экономикалық өсімі 13,5% құрады", - деп толықтырды Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев "транзит" сөзін ұната бермейтінін жеткізді. Бұл ұғым соңғы кездері Нұрсұлтан Назарбаевтың президент қызметін босатуы, биліктің өзгеруі туралы айтылған кездері елімізде көп қолданылып келген. 

"Транзит деген не? Мен тразиттік жолаушымын деген сөз бе? Жоқ. Мен өзімді Қазақстан Республикасының толыққанды президенті деп есептеймін. Мен жолаушы емеспін. Ұшағымды да, поездымды да ауыстырмаймын.  Сондықтан транзит сөзін қолданбайық", - дейді Тоқаев.


Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы заңсыз шерулер туралы: Қазақстанда ерік білдіру бостандығы бар.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр