Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Том Лёффлер Головкин–Альварес жекпе-жегінің қашан өтетінін мәлімдеді

Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен кездескенге дейін үш жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Boj-Gennadij-Golovkin-Saul-Alvares

Бұл турады Том Лёффлер Allboxing сайтына берген сұхбатында айтты.

«Геннадий Канеломен кездескенге дейін кем дегенде үш жекпе-жек өткізеді», – деп мәлімдеді ол.

Оның айтуынша, екі боксшының командалары арасында Геннадий Канело жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйегінде өткізу туралы ауызша келісім болған.

Ол уақытқа дейін Геннадий Головкин 10 қыркүйекте Келл Брукпен жұдырықтасады, содан кейін 2016 жылдың желтоқсанында және 2017 жылдың сәуірінде шаршы алаңға шығады.

Жіберіп алмаңыз:

Головкин: Келесі қарсыласым Брук екенін естігенде таң қалдым (фото, видео)

Головкин-Брук жекпе-жегі билеттерінің бағасы белгілі болды

Головкиннің суреті мексикалық газеттің мұқабасына шықты

 

Талқылау