Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Том Леффлер: Геннадий Головкинмен ешкім жұдырықтасқысы келмейді

IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша орташа салмақта әлем чемпионының промоутері Том Леффлер қарамағындағы спортшының неліктен IBF рейтингінде екінші нөмірлі Доминик Уэйдпен жұдырықтасатынын түсіндірді.

gennady golovkin1

Сурет boxmir.com сайтынан алынды

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлайды.

«Геннадиймен ешкім жұдырықтасқысы келмейді – біз титулдардың иегерлерінің ешқайсысымен келісе алмадық, сондықтан Головкиннің белбеуіне міндетті үміткермен жекпе-жекті ұйымдастыруға тура келді. Бірақ жұдырықтасу жай болмайды, себебі біздің қарсыласымыз жас әрі табысқа жетуге асығып отыр», – дейді бапкер.

Талқылау