Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толықша келген әйел жүктімін деп жұртты алдап декреттік демалысқа шыққан

Камчаткадағы Ключи селосының тұрғыны декреттік демалысқа шығып, оның ақшасын алу үшін жұртты жүктімін деп алдап соққан.

Камчатка ауданаралық прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 жастағы есепші жүкті әйел ретінде есепке тұру үшін аудандық ауруханаға акушер-гинекологтың қабылдауына барған, деп хабарлайды Sputnik.

Толық әйелді қарап шыққаннан кейін дәрігер “мерзімі белгісіз жүктілік” деген алдын ала диагноз қойып, оны анализдер тапсырып, УЗИ-ден өтуге жібереді. Әрине, ол тексерістен өтпейді, бірақ белгіленген уақытта 9 тамызда еңбекке жарамсыздық парағын алуға келеді. Екінші рет әйелді дәрігер үстіртін қарап шығады,ал осы уақытта тағы салмақ қосқан келіншек оны жүкті екеніне сендірген.

2017 жылдың 9 тамызы мен 26 желтоқсаны аралығына берілген еңбекке жарамсыздық парағын әйел жұмыс орнына беріп, 263 мың рубль көлемінде декрет ақшасын алып, демалуға тартып отырады.

Қазан айында әйелдің туу мерзімі өтіп кеткеннен кейін медициналық мекеме дәрігерге келмеген “жүкті” келіншектің денсаулығына алаңдап, прокуратурадан көмек сұрайды. Медициналық қызметкерлерге ол есігін ашпай қойған.

Тексеріс барысында әйелдің жүкті емес екені, бірақ осы уақытқа дейін демалыста екені анықталады. Прокурорға түсініктеме берген есепші төрт рет аяғы ауыр болғандықтан жүктілік белгілерін жақсы білетінін пайдаланып, тамызда дәрігерді алдап, еңбекке жарамсыздық парағын алғанын мойындады.

Полиция әйелдің үстінен “Ірі көлемдегі алаяқтық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 100-ден 500 мың рубльге дейін айыппұл төлеуі мүмкін немесе бір жарым жылға дейін бостандығы шектеледі. Заңсыз алған ақшаны да қайтаруға тура келеді.

Тағы да оқыңыз:

Ирак ДАИШ-пен соғыс аяқталды деп мәлімдеді

Көкпар ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне Қырғызстанның атынан енгізілді

Танымал италиялық әнші қазақ қыздары туралы: Қыздар қымбат көлік пен қалтаға қарайды

Талқылау