Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толық отбасында өскен қазақстандық әкесі кім екенін білмейді

Толық отбасында өсіп, әке-шешесінің тәрбиесін алған БҚО Зеленов ауданының тұрғыны әкесінің кім екенін білмейді. Бұл туралы біздің өңірдегі тілшіміз атын жасырып қалуды қалаған азаматтың өз аузынан жазып алды.

Тілшіміздің әлеуметтік желі арқылы дос болып кеткен танысы телефон шалып, кездесулерін сұрапты. Қала шетіндегі шағын кафелердің бірінде кездескен досы бір шиша шарапқа тапсырыс беріпті.

Біраз уақыттан кейін ол: “Мен әкемнің кім екенін білмеймін”, – депті. Оның ата-анасымен бірге тұратынын білетін журналист таңғалған.

“Менің әке деп жүрген адамым шын мәнінде менің туған әкем емес. Анам күйеуге шықпастан бұрын күйеу жігітімен ұрысып қалып, басқамен төсектес болған. Ол жігіт біздің ауданға іс-сапарлап келген. Кейін анам өзінің аяғы ауыр екенін білген соң бұрынғы жігітімен тіл табысып, соған күйеуге шыққан”, – деді.

Бұл әңгімені азаматқа нағашы апасы айтып беріпті. Енді өзінің туған әкесін кім екенін біле алмай жүрген ол баққан әкесінен қатты ұялатынын айтады. Десе де оған деген құрметі шексіз. Ал, анасының бұл жайтты ешкім білмейді деп ештеңе болмағандай жүргені жанына батады.

Талқылау