Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толық адамдардың интеллекті төмен болатыны анықталды

Оқымыстылар  толық адамдар мен арық әрі салмағы орташа деңгейдегі адамдардың интеллектін тексеру бойынша зерттеу жүргізді.

толық-адам

Зерттеу жұмысына  34 адам қатыстырылған. Олардың 16-сы әйелдер, 18-і ер адамдар. Зерттеу нәтижесі бойынша, бойына салмағы  сай келмейтін адамдардың көпшілігі қызбалау әрі  интеллект деңгейі төмен екендігіне көз жеткен.

«Біз адамдардың тамаққа қатысты қаншалықты жылдам шешім қабылдайтынын тексеріп көрдік. Толық адамдардың көбі  таңдауды соңғы секундтарда жасайды, әрі «дұрыс таңдау жасамадым ба?» екен деген ой оларды үнемі мазалайды. Біз осы қарапайым жағдай толық адамдардың қандай екенін бірден дөп басып айтады деп ойламаймыз. Дегенмен, мұның өзінен, осындай қорытынды шығаруға болады»,-деді ғалым Чейз Фигли.

 

 

 

Талқылау