Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төлеповтер отбасы екінші рет келін түсірмек

Артур Төлепов кей сұрақтан сүрінсе де, өмірлік ең маңызды  сауалының жауабын тапты! Ол сүйгенін жолықтырып, енді шаңырақ көтеруге бекінген! Талай арудың арманы болған актердің сөзінше, оның келешек жары Қарағандылық қарапайым қыз!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Болашақ жарымның өнерге еш қатысы жоқ. Оқуын бітірген, есімі мадина. Алла қаласа, келесі жылы үйленем деген ойым бар. Мадинамен бір мейрамханада танысқам, ол сол жерде жұмыс істейтін болатын», – дейді Артур Төлепов.

Жарым деп таңдаған ғашығын, Артурдың жұрттан жасыруында өзіндік себебі бар. Төлепов сері сүйген сұлуына көз тие ме деп қорқады! «Ревюньюс» арқылы Мадинаны халыққа таныстырам деп уәде еткен актер, тойдың қашан және қайда болатынын да хабарлады!

«Өзінің қарапайымдылығымен, өзінің тәрбиесімен мені баурап алды. Той енді…. Алдын ала айтуға болмайды дейді. Барлығын шақыруға тырысамын, Алматыда болады», – дейді Артур.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат пен Жұлдыздың махаббатына колледж ұстаздарына дейін қызыға қараған (фото)

Салтанат Бақаева: Жұлдыз тұрмысқа шықпаса, бәрімізден мықты актриса болар еді (фото)

Төреғали ән кешінде жанкүйерін күзетшіден қорғап қалды (видео)

“Евровидение” байқауының жеңімпазы Димашпен бірге жұмыс істегісі келетінін айтты

Талқылау