Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовтың тоқалы Шымкентте дизайнерлік киім сатып жүр

Тоқтар Төлешовтың төртінші әйелі Дина Нұрәлиева Шымкентте дизайнерлік киім көрмесін ұйымдастырды. Көрме жетінші рет өтті.

Бұл туралы Today.kz басылымы жазды.

Дина Нұрәлиева өзінің туған жерінде түрлі сұлулық байқауын ұйымдастырумен айналысады, модельдік бизнес саласында жұмыс істейді.  “Әлем аруы – 2009” сұлулық байқауының финалына шыққан Нұрәлиева отандық дизайнерлік киім көрмесіне ТМД елдерінен әріптестерін шақырған.

“Екі жыл бойы менің шоу-румым Шымкенттегі қазақстандық дизайнерлердің өкілі болып отыр. Жоспарым көп, серіктестеріміз бен достарымыздың арқасында бұл жоспарларды жүзеге асырамыз деп үміттенемін”, – деді Дина Нұрәлиева.

Бизнесвуменнің жоспары – елдің оңтүстігіндегі дизайнерлердің басын қосып, олардың шығармашылығымен Шымкентті таныстыру. Көрме қатысушылары үшін басты шарттардың бірі – бұйымның қолдан жасалуы.

Естеріңізге салайық, 1 қарашада сот шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешов пен қылмыстық істің басқа да қатысушыларына жаза тағайындаған болатын. “Шымкентсыра” ЖШС-ның бұрынғы директоры мал-мүлкінің тәркіленуімен 21 жылға сотталды.


Жіберіп алмаңыз:

Павлодарлық өзінің пәтерін өзі тонаған болып шықты

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Талқылау