Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовтың еншісінде қалған соңғы зәулім үй де тартып алынды

Экс-олигарх Тоқтар Төлешовтың бірінші әйелі мен үлкен ұлы жақында ғана сән-салтанаты жарасқан алты деңгейден тұратын коттежді босатып берді.

Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

Кетер алдында үй иелері мүмкін болған барлық затты өздерімен бірге алып кеткен. Қаңырап қалған үйден сот орындаушылар тіпті есік, батерея, санузел сынды заттарды да таба алмаған.

Жарты жылдан бері сыра королінің отбасы үйді беруден бас тартқан болатын. Енді Еңбекші аудандық сотының шешімімен зәулік үй қала әкімдігінің балансына берілді.

“Қарызгерлер үйді уақытында босатпай, Еңбекші аудандық сотына қайтара шағым түсірілді. Соттың шешімінен кейін Төлешовтың отбасына өз еріктерімен үйден кету туралы айтылды. Бүгін олар ерікті түрде үйді босатты”, – деді сот орындаушысы Нұрлан Серікұлы.

Жалпы саны Тоқтар Төлешовтен 4 коттедж, 9 жер телімі мен оннан астам қымбат автокөліктер тәркіленді.

Талқылау