Тоқтар Серіковтің тұңғышы бала күнінде Алладан дұға тілеп, егіз сұраған

Елдің сүйікті жұбы Тоқтар мен Бейбіт бүгінде төрт ұлдың ата-анасы. Жұлдызды жұптың тұңғышы Беколжас мектеп оқушысы болса, 2015 жылы дүниеге келген егіз ұлдар балабақшаға барады. 2018 жылдың соңында бұл отбасының тағы бір ұлмен толыққаны белгілі. Бір қызығы, үлкен ұлы жалғыз болған шақта әкесімен бірге дұға тілеп, Алладан егіз бала сұраған екен.

Тоқтар мен Бейбіт төртінші перзентін күтіп жүр

Бұл туралы Stan.kz Ләйлә Сұлтанқызының The Эфир жобасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бір күні мен намаз оқып жатсам, артымда кішкентай тұр. 4-5 жаста ғой. Артымда тұрып, менімен бірге намаз оқып жатыр. Не істейді екен деп дұғамды оқыдым да тұрып кеттім. Ол қолын жайып алған, әлі бірдеңе сұрап отыр. Менен көп сұрады. Бір кезде менің мойнымнан кеп құшақтады. – Балам, көп сұрадың ғой. Не сұрадың? – деп ем: – Әке, Алла Тағаладан анашыма егіз бөпе сұрадым, – деді. “Әумин” дедім де қойдым. Арада бірнеше жыл өтіп кетті”, – деп еске алады әнші.

Бұдан кейін балабақшаға барып жүрген Беколжас апайының тапсырмасымен ақ қағазға жанұясының суретін салған. Қызығы сол, ол суретте өзінен бөлек, екі егіз баланы бейнелепті. Мұны көрген әкесі қатты таңғалғанын жасырмайды. Сонда да егіз ұлды болу ол кезде Тоқтардың қаперіне кіріп шықпаған.

“Мені, шешесін, өзін, тағы егіз баланы салыпты. ол сурет әлі күнге дейін үйде тұр. – Мынау кім? Қаптап кетіпті ғой, – деп ем: – Бұл сіз, анашым, мен және менің егіз інім ғой, – деді. Таңғалдым, бірақ ойымда жоқ қой”, – деген Тоқтар әулетінде егіз балалардың көп екенін айтты.

“Менің Серік атам егіздің бір сыңары. Туған екі апайымның егіз балалары бар. Әкемнің туған екі інісінің егіз балалары бар”, – деп ағынан жарылды әнші.

Сондай-ақ, Тоқтардың анасы түс көріп, жақын арада келіндерінің бірі егіз ұл табатынын білген. Әншінің жары Бейбіт тым болмағанда бір перзентінің қыз болғанын қалағанымен, Тоқтар әркез Жаратқаннан ұл сұрап келгенін айтады. Ал балаларының жынысын білген күні Бейбіттің жылап, көзі ісіп келген күн Тоқтардың әлі күнге дейін есінде.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр