Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар мен Бейбіт ұлдарын қырқынан шығарды

Жақында ғана төртінші баланың ата-анасы атанған Тоқтар мен Бейбіт ұлдарын қырқынан шығарды. Жұлдызды жұп қырқынан шығару рәсімінен фото жариялап, тілекші болған елге алғыс айтты, деп жазады Stan.kz.

Тоқтар мен Бейбіт ұлдарын қырқынан шығарды

“Бәріңізге Аллаһ разы болсын! Көп көп рақмет!” – деп бөлісті Тоқтар мен Бейбіт желідегі парақшасында.

Айтпақшы, Бейбіт Сейдуалиева ұлын қырқынан шығара салысымен сахнаға шықты. Өнер иесі күні кеше дәстүрлі түрде өтетін “Ән мен әнші” кешіне қатысты.

Тоқтар мен Бейбіт ұлдарын қырқынан шығарды

Айта кетейік, Бейбіт Сейдуалиева 16 қараша күні ұл босанды. Бұл күні Тоқтар Серіковтің өзі 43 жасқа толған еді. Ұл балаға Тоқтардың анасы Шаһнұр деп есім берді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау