Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоққа түсіп екі қолынан айырылған Балғынбекке протез салып беретіндер табылды (фото)

Өткен аптада тоққа түсіп, екі қолынан бірдей айырылып қалған 11 жастағы Балғынбек Бахтияр туралы айтқан едік. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында тұратын жеткіншектің мәселесіне көңіл аударып, көмек беруге дайын адамдар хабарласа бастады.

99-2

Бұл туралы Қазақстан арнасы хабарлайды.

Мәселен, еліміздегі республикалық протездік-ортопедиялық орталығының мамандары Балғынбекке соңғы технология бойынша әзірленген протез салып беруге дайын.

Балғынбек достарымен ойнап жүріп трансформатор тұрған қауіпті аймаққа кіріп тоққа түскен. Содан екі қолынан айырылған жеткіншек екі жылдан бері қиналып келеді. Оның жанына медет тек ата-анасы мен қарындастары.

cDFrMjd0WCM

«Аға болам деп, жазушы болам деп армандадым. Маған протез салуға көмектессе екен, одан басқа айтарым жоқ», – деген еді Балғынбек көз жасына ерік бере.

Балғынбектің жайынан хабардар болған Алматыдағы ортопедиялық орталықтың мамандары Балғынбекке көмектесетіндерін жеткізді. Бұл мекеме 88 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандарға аяқ-қол жасаумен аналысып келеді. Ал жылына 5-6 мың адамға қызмет көрсетеді.

Орталықтың Балғынбек Бақтияға 14 функциясы іске қосылып, еркін қимылдайтын қол жасап беруге мүмкіндіктері бар.

«Балғынбектің тоққа түсіп екі қолынан айырылғанын, эфирден, басқа да роликтерден көріп қалдық. Бізде ол жігітке протез жасап беруге мүмкіндік бар. Облыстан берілетін қаражат бар. Егер облыстан жолдама берсе, біз протез жасап береміз. Балғынбектің отбасы ақша төлемейді», – дейді «Республикалық протездік-ортопедиялық орталықтың» АҚ Алматы филиалының орынбасары Есіркеп Сайлыбаев.

Саусақары иілгіш, икемге келетін қол жасап бере алатын орталықтың елімізде де бар екенін көбісі білмейді. Ал өскенде қаламгер болғысы келетін балғын Балғынбектің арманы сөзсіз орындалады.

Тағы да оқыңыз:

Әділбек Ниязымбетов тоққа түсіп екі қолынан айырылған Балғынбекке тосынсый жасады (фото)

Қарағандыда ерлі-зайыптылардың 7 қыздан соң көптен күткен ұлы өмірге келді (фото)

Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік қызға көмектеспек

Талқылау