Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токиодағы қоғамдық моншада “жалаңаштарға арналған мектеп” ашылды

Токиодағы “Хинодею” сэнтосында (қоғамдық монша) “жалаңаштарға арналған мектеп” ашылды.

Tokyo-sento-public-japanese-bath

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.

Сабақ тура монша ішінде өткізіледі. Дәріске кіру үшін клиент 460 йен (1300 теңге) төлеуі тиіс. Әр ай сайын жаңа курс басталып отырады. Сәуірде келушілер дәстүрлі жапон комедияларын оқыса, мамыр айында го ойынын үйренді. Ал маусымда қаңғыбас мысықтармен қалай күресу керек деген сабақ бойынша тәлім алады.

Монша жетекшілері бұл бастама адамдардың қоғамдық моншаға деген ескі көзқарасын өзгертеді деп үміттенеді. Менеджер Юичи Тамураның сөзінше, қазір әр үйде ванна бөлмесі болғандықтан көптеген жас жапониялықтар сэнтоға келмейтін болған. Нәтижесінде “Хинодеюға” бұрын күн сайын 500 адам келетін болса, кейінгі уақытта күніне 100 адам шомылатын болған. Сол себепті монша басшылары осындай жаңа бастаманы қолға алып отыр.

Сэнто – дәстүрлі жапон моншасы. Келушілер әуелі жеке бөлмеде шомылады, сосын барын ыстық су құйылған бассейнге барады.

Оқи отырыңыз:

Люксембургтің бірінші “ханымы” әлем көшбасшыларының жұбайларымен кешкі ас ішті

АҚШ президенті Черногория премьер-министрін итеріп жіберіп, дөрекі қылық жасады (видео)

Леонардо Ди Каприоның жаңа сүйіктісі пайда болды

2017 жылдың ең сексуалды әйелінің кім екені жарияланды (фото)

Талқылау