Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6-шы қола: Токио Олимпиадасында Нұрислам Санаев еркін күрестен жүлдеге ие болды

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санаев еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақтағы балуандар жарысының қола медалін болгариялық Георгий Вангеловпен сарапқа салды. Қазақстандық балуан 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін Нұрислам Санаев жартылай финалда Санаев үндістандық Кумар Равиге есе жіберген. Ал ширек финалда жапон Юки Такахасиден басым түссе, 1/8 финалда Гвинея-Бисау өкілі Диамантино Юна Фафені сенімді жеңген еді. 

Талқылау