Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио Олимпиадасы: Балуан Данияр Қайсанов қарсыласынан жеңіліс тапты

Еркін күрестен Токио Олимпиадасында 74 келі салмақта белдесіп, қола медальға күрескен Данияр Қайсанов қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

ҚайсановҚайсанов қола жүлде үшін күресте өзбекстандық Бекзод Абдурохмановпен кездескен болатын. 

Өкінішке қарай, кездесу басталған бетте Абдурохманов алға ұмтылып, белдесуді уақытынан бұрын бітірді. 

Есеп – 13:2, өзбек балуанының жеңісі. 

Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын бесінші орынмен аяқтап отыр. 

Талқылау