Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Токио – 2020: Софья Берульцева мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты

Каратеші Софья Берульцева Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол үшінші кездесуден соң мерзімінен бұрын жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 61 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан ол екінші кездесуінде Еуропа ойындарының жеңімпазы, Италия спортшысы Сильвия Семерароны 5:1 есебімен ұтты.

Кейін түрік спортшысымен тең түсіп, үшінші жекпе-жекте әзербайжадық Ирина Зарецкаядан 5:4 есебімен басым түсті. Осылайша, 5 ұпаймен мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды.

Бұл кем дегенде қола жүлде қоржында екенін білдіреді.

Талқылау