Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Тоқболат-Тоқмерген батырға ескерткіш қойылды

Алматы облысында қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тоқболат-Тоқмерген батырға ескерткіш тас қойылды. Тоқболат Тоқмерген  Жалаңтөс батырдың 50 мың қолының құрамында болған. Ол жауға шауып, өз ерлігімен танылған батыр. Ол Орбұлақ шайқасына қатысып, жоңғарларды Алакөл аумағында ығыстыру кезінде қаза болған. Енді батырдың ұрпақтары елеп-ескеріп, ескерткіш тас орнатты.

"Екпінді ауылының кісілері осы кісінің ұлы соғыстағы көрсеткен ерліктерін, соғыстағы жасаған батырлықтарын жыр етіп айтып жүретін. Содан осында құлыптасты орнатпақшы болдық" ,-  деді Қоғамдық қордың президенті Арыстан Мырзахметов.

Талқылау