Тоқалдар өз таңдауының дұрыс немесе бұрыстығын қорытындылады

Жұма, 15 Сәуір , 2016 19:07

Қоғамда тоқал мәселесі айтылса болғаны мұны жақтаушылар мен даттаушылар екіге бөлініп ұрысатын жағдайға жетті. Бірі мұны салт-дәстүрмен, дінмен байланыстырса, тағы бірі мансап пен ақшаға әкеліп тірейді. Расымен де әртүрлі жастағы екінші әйелдер өз таңдауларына орай уақыт өте қандай баға береді екен?

токкккалл

Тоқал болуға көне кететін қыз-келіншектерді негізінен ақшаға қызығып, жеңіл өмір сүруге әдеттенген адамдар деп қарайтындар да көп. Осы орайда ЭкспрессК басылымының тілшісі тоқалдардың өзімен тілдесіп көрген еді.

«Мен сұлулық салонында  шаштараз болып жұмыс істейтінмін. Арман үнемі келіп тұратын, онымен сол жерде жүріп таныстым. Таныстығымызға бір ай болған кезде екеуміз кездесе бастадық. Ол өз әйелін ешқашан тастамайтынын айтып, маған екінші әйел болуға ұсыныс жасады. Әрине, мені материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге уәде берді. Оның отбасы Алматыда болды, өзі Астанада жұмыс істеді. Мен оның ұсынысын қабыл алып, Астанаға көшіп бардым», – дейді томпақша келген орта бойлы, қысқа шашты 31 жастағы  Гүлмира.

Гүлмира осыдан кейін Арманның өз отбасын Астанаға көшіріп әкелгенін айтады. Оның жасы 49-да. Алғашында бірінші әйелі  тоқал бойынша күйеуіне еш күмән келтірмеген. Ақыры білгеннен кейін ұрыс болып, осы жағдайға көнуге мәжбүр болыпты. Ал, Арман мен Гүлмираның ортақ қыздары да бар.

«Осы өмірім өзіме ұнай ма, жоқ па оған жауап беру қиын. Ең жаманы сүйіктіңді басқа біреумен бөлісуге мәжбүрсің. Мен үнемі жалғыз қаламын. Себебі ата-анам, туыстарым осындай отбасын құруыма қарсы болған еді. Олар осы күнге дейін менімен араласпайды. Уақытты артқа жылжыту мүмкіндігі болса, мен тоқалдықты таңдамас едім. Өзімді сүйген адамның жалғыз сүйіктісі болуға тырысатын едім», – дейді Гүлмира.

Қаражат үшін тоқал болғысы келетін жастар қатары күн санап көбейіп келетіні жасырын емес. Себебі өздері сияқты қаршадай қыздың ес тоқтатқан еркекпен қосылып, оңай олжаға тап болған мысалдар көп.

Екі жыл бұрын ОҚО-ның ауылынан Алматыға білім іздеп келген 23 жастағы  Ботагөз бай болуды армандайды. Қазір медициналық колледжде білім алып жүрген студент пәтер жалдап тұрады. Бұған қоса үйдің үлкені соңынан ерген інісі мен сіңлісіне көмектесіп, оларды аяққа тұрғызуы керек. Мүмкіндік болса жасына қарамай қалталы азаматқа тұрмысқа шығып кетуге әзір. Тіпті қазір көңіл қосып жүрген жігітінен де бас тартуға дайын.

«Менің жағдайымда қалталы азаматқа екінші әйел болу көп мәселені шешетін еді. Себебі өмір бойына пәтер мен тамақ үшін жұмыс істегім келмейді. Ақшалы азамат болса ол менің отбасыма жұмыс тауып беріп кедейліктен құтқарса, неге онымен өмір бойына бірге болмасқа?», – дейді студент Ботагөз.

34 жастағы Зәуре тұрмысқа шығып, бір бала сүйген. Алматыдағы сауда үйлерінің бірінде сатушы болып жұмыс істеген.  Күйеуі үнемі ішіп оған қол көтеріп, тынышын қашырыпты. Мұндайға шыдамаған келіншек күйеуімен ажырасуға бел буған.

«Мен біраз уақыт еркексіз жүрдім. Сосын өзімнен 18 жас үлкен Айдос деген азаматпен ғаламтордағы танысу сайтында таныстым. Жарты жылдай сөйлесіп жүрдік. Оның көлік жөндейтін орталығы мен екі асханасы болды. Ұлымды колледжге оқуға түсіріп, өзіме кәсіп ашып берді. Содан ол маған екінші әйелі болуға ұсыныс жасады. Ол  бірінші әйелімен ажырасар деген үмітпен оның ұсынысын қабыл алдым. Қазір ойлап отырсам, қателесіппін. Расымен де мен өзімді сыйламайтын адаммын. Басында әйелінің барын біліп тұрып, онымен қарым қатынас құрдым», – дейді Зәуре.

Зәуре тұрмысқа шыққанымен Айдостың бірінші отбасы бұдан бейхабар. Ал, Зәуренің туыстары оны бойдақ жігітпен бас қосты деп ойлайды екен. Есесіне қазір Зәуренің өз үйі, кәсібі, көлігі бар екен. Дегенмен Айдостың әйелі  Зәуре жайлы біліпті. Бірақ ешқашан тіпті телефонмен сөйлеспеген көрінеді.

«Айдос бір ай менімен, бір ай бірінші әйелімен тұратын. Оның тоқалы бар достарымен мейрамхана дейсіз бе көптеген көңілді кештерге бірге баратынбыз. Ал қоғамда мен Айдостың көлеңкесі, елеусіз біреу болып қалатынмын. Мысалы оның достары өз әйелдерімен келсе мен жоқ адам сияқты, ол ортада ешкімді танымайтындай тұруым керек болды», – дейді Зәуре.

Бірде Зәуре тоқалдық жайлы оқып өз өзінен қатты  ұялғанын жасырмайды. Себебі онда  қазақта  махаббат бойынша екінші әйелге үйлену болған күннің өзінде, бәйбішенің рұқсатымен жүзеге асырылғаны айтылған. Шариғат заңы бойынша да осы қағида еді.

Көп жылғы кездесуден кейін ары жібермеген Зәуре Айдоспен қарым-қатынасты үзуге  бел буған. Ол алдағы уақытта басы бос, өзін сүйетін ер адамды кездестіретініне сенімді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Токал болып баига шыкканша кун болдымде .егер баибишеси жок болса баига шыгуга болады ол киси ишпеитин акылды болса …..курметти аиел жолжастар.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар