Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Тоқал» фильмінің үлкен экранға шығатын күні белгілі болды (видео)

Ғаламторда продюсер Гаухар Нұртастың «Тоқал» фильмінің трейлері пайда болды. Көркем фильм 2016 жылдың 8 желтоқсанында көрермен назарына ұсынылатын болады.

1442401901b8zn0

Аталмыш туынды Қазақстанмен қатар, АҚШ-та да көрсетіледі. Естеріңізде болса, фильмді екі елдің бірігіп түсіріп жатқанын жазған едік. Одан бөлек қалың көрерменге «Сумерки» фильмі арқылы таныс актер Джексон Ретбоунның «Тоқал» фильмінде бой көрсететінін хабарлаған болатынбыз.

«Тоқал» фильміне Тұңғышбай Жаманқұлов, Ерік Жолжақсынов, Гаухар Нұртас және Жәнел Мақажан түскен. Ал алғашқыда түсірілімге қатысуға тиіс болған голливуд жұлдызы уақыттың тапшылығынан бұл фильмдегі рөлінен бас тартуға мәжбүр болыпты.

Фильм отбасы құндылықтарын, тоқал өмірінің қиыншылығын сөз етеді.

Айта кетейік, аталмыш фильмнің түсіріліп жатқаны белгілі бола салысымен-ақ оған қызығушылық танытқан көрермендер көп болды.

Жіберіп алмаңыз:

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Қоянбаевтың «Бизнес по-казахски» фильмінің трейлері жарық көрді (видео)

Нұртас Адамбай «Тараз» фильмінің түсіріліміне 400 мың доллар жұмсаған

“Қызметтестер хикаясы” фильмінде есепшіні сомдаған актриса қайтыс болды

Талқылау