Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаевтың тосынсыйы Оңтүстік Корея президентін ерекше қуантты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Оңтүстік Корея президенті Мун Джэинмен кездесті. Тоқаев әріптесіне ерекше сый жасады.

Тоқаевтың тосынсыйы Оңтүстік Корея президентін ерекше қуантты

Фото: Ақорда

Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Бұл Мун Джэиннің Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы сапары. Бұл сапар оның ойында көпке дейін сақталатыны сөзсіз. Себебі Қазақстан басшысы әріптесімен миллиардтаған ақша келісімдерін ғана жасап қоймай, оған тосынсый жасады. 

"Екі ел 5 G желілік байланысы, IT, ғарыш саласында, өндірісте бірлесе жетістікке жетеміз деп ойлаймын.  Оңтүстік Корея Қазақстан үшін ең жақсы әріптес", - деді Мун Джэин.

1937 жылы Қазақстанға Таяу Шығыстан корейлерді жер аударды. Оған дейін елімізде 100-ден аз корей азаматы тұрса, 1939 жылы олардың саны 100 мыңнан асты. 

Қазақстан президенті осы жайтты айта келе әріптесіне ерекше сый жасады. Тарихи деректер жазылған кітапты табыс етті. 

"Бұл кітапта Сталиндік тоталитарлық жүйе кезеңіндегі қайғылы жағдайлардың сирек кездесетін суреттері мен мәліметтері бар", - деді Қазақстан президенті. 

Мун Джэин алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

"Қазақстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инмен келіссөздер табысты өтті. Екіжақты тауар айналымының көлемі рекордтық көрсеткішке – 4 млрд. долларға жеткенін атап өттім. Оңтүстік Корея Қазақстан үшін сауда-инвестициялық, технологиялық ынтымақтастықты дамытуда маңызға ие әріптес ел.
Сондай-ақ, Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Инмен елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға келістік. Транзиттік бағыттарды дамыту және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік. ІТ, ғарыш, жоғары технологиялар, индустрия және медицина салалары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Маңызды құжаттарға қол қойылды", - деп жазды Тоқаев instagram парақшасында. 

Талқылау