Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Мәжіліс болмаған жағдайда парламенттің қызметін сенат атқара беретін болады

Мәжіліс болмаған жағдайда парламенттің қызметін сенат атқара беретін болады. Бүгін парламент сенатының жалпы отырысында спикер Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  мәжілістің қызметін мерзімінен бұрын тоқтатып, сайлау тағайындау туралы жарлығына қатысты пікірін осылай білдірді.

тоқаев

Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлайды.

«ҚР президенті кеше парламент мәжілісін мерзімінен бұрын таратып, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын өткізу туралы жарлығына қол қойды. Елбасының бұл шешімі қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды болып табылады. Сонымен қатар, бұл аса өзекті реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісіп, дағдарысқа қарсы шараларға жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасының ауқымды реформаларын нақты жүзеге асыруға кіріскен кезеңде саяси партиялардың сайлаушылардан жаңа сенім мандатын алуы өте маңызды», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, спикер бүгінгі таңда сенаттың алдында аса жауапты міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Конституцияға сәйкес, мәжіліс уақытша болмаған кезде парламенттің заң шығару қызметін сенат атқаратын болады. Елбасының ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін сенат үкіметпен бірлесіп ауқымды жұмыстарды үйлесімді түрде жалғастыратын болады. Сенаторлар қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуына аса қажетті заңдарды қабылдауда өздерінің мол тәжірибесін аянбай жұмсайтынына сенім мол», – деді Тоқаев.

Читайте также:

12376510_10207758483822218_5840558057887730372_nКазахстанский парламент признали “самым распущенным” в мире. Как в интернете шутят над депутатами

Талқылау