Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Түркия мен Ресейдің алдағы қарым-қатынасын болжады

ҚР парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  Түркия шекарасында  атып түсірілген ресейлік ұшаққа қатысты өз ойын Твиттердегі парақшасына жазған.

токаев

«Түрік әскери әуе күштерінің ресейлік бомбалаушы ұшағын негізсіз атып түсіруі – екіжақты қарым-қатынас үшін аса ауыр салдары болуы мүмкін күрделі оқиға», – деп жазады Қ. Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Түркия мен Сирия шекарасында түрік әскери әуе күштері ресейлік Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген болатын. Бұл ақпаратты Ресей президенті Владимир Путин де, Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған да растаған еді.

Талқылау