Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев президенттікке үміткер бола алмауы мүмкін бе?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР конституциялық кеңесінен ҚР президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Тоқаев

"2019 жылғы 23 сәуірде Республиканың конституциялық кеңесі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады", - делінген конституциялық кеңестің хабаралмасында.

Өтініш беруші Тоқаев президенттікке кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ, Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұраған.  

Хабарламада "Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі туралы" конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті конституциялық кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдар дайындалып жатқаны айтылған.

Талқылау