Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев президенттікке кандидатқа қойылатын талаптардың бәріне сай келеді — ОСК

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР президенттігіне Nur Otan партиясының атынан ұсынылған болатын. Орталық сайлау комиссиясы Тоқаевтың құжаттарын қарап,  президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сай келеді деп шешті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Тоқаев

Кандидат Орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме, сайлау жарнамының енгізілгенін куәландыратын құжат, өмірбаяндық деректерін, жеке басын куәландыратын құжаттың, ЖОО білімі туралы дипломдарының көшірмелерін, мемлекеттік қызметте немесе мемлекеттік сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтері қоса берілген, оның президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы өтінішті ұсынды. 

"23 сәуірде осында кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия Тоқаевты қазақ тілін еркін меңгерген деген шешім қабылдады", - деп айтты ОСК хатшысы Сабила Мұстафина. 

Комиссия кандидаттың құжаттарын қарап, ондағы мәліметтердің заңнамада көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында уәкілетті органдарға сұрау салып, тиісті мәліметтерді алған. Сұрау нәтижесінде 15 жыл ішінде Қазақстан аумағында тұратыны, жоғары білімі бар екені, өтелмеген және алып тасталмаған сотталғаны жоқтығы, сыбайлас жемқорлық қылмыс пен құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылмағаны, мемлекеттік және сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі бары анықталды. 

Комиссия шешімімен Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясына және "ҚР Сайлау туралы" Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келеді деп танылды.

Тоқаевтың кандидатурасы үшін қол жинау кезеңі басталады. Қол жинауды президенттікке кандидаттың сенім білдірген адамдары жүзеге асырады және қол қою парақтарымен рәсімделетінін атап өту қажет.

Талқылау