Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуінің видеосы жарияланды (видео)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкентте жүр. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Салтанатты шараның видеосы Мирзиеевтің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz

Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуінің видеосы жарияланды (видео)

Екі мемлекеттің басшысын Өзбекстан президентінің резиденциясы «Көксарайдың» алдындағы алаңда оркестрмен қарсы алды. Ол жерде қазақстандық және өзбекстандық жоғары лауазымды шенеуніктер болды. 

Тоқаев пен Мирзиеев келгеннен кейін екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды. 

Оқиға орнында түсірілген кадрлар Өзбекстан президентінің әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Видеодан Қазақстан тарапынан Президент әкімшілігінің басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев, сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев және басқа да шенеуніктердің барғанын көруге болады. 

 

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің шақыруы бойынша 14 сәуірде Ташкентке барды. Президенттің сапары 2 күнге созылады. 
 

Талқылау