Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы заңсыз шерулер туралы: Қазақстанда ерік білдіру бостандығы бар

Тоқаев сайлау кезінде еліміздің Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз шеру ұйымдастырғандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Иә, азаматтар көзқарасын білдіру үшін, көшелерге шықты. Қазақстанда ерік білдіру бостандығы толықтай бар», - дейді Тоқаев. 

Президент кей азаматтар өзін лайықсыз ұстап, полицияны арандатқандықтан, полицейлер тарапынан шара қабылданғанын атап өтті.

«Бұл орайда шеруге шығушылардың әрекетінен үш полицей жарақаттанып, ауруханаға түсіп қалды. Мен өз тарапымнан органдарға барынша ұстамдылық танытуларын өтіндім. Олар болашақта өздерін осылайша ұстайтын болады», - дейді президент. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы наразылық танытушыларға диалог жүргізуді ұсынды. 

Еске сала кетсек, 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз шерулер өткізіліп, 500-ге жуық адам ұсталған еді.

Талқылау