Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: Мен сайлауда жеңетініме күмәнданбаймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев неліктен Қазақстан қалаларында өзінің суреті көрсетілген билбордтардың және портреттердің жоқ екенін айтты. Ол Ақтауға барған сапары кезінде болған оқиғаны еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен қызметіме енді кіріскен уақытта кейбір шенеуніктер менің суретім салынған билбордтарды іле бастады. Сол кезде наразы болдым», - дейді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы сайлауда жеңген жағдайда, қосымша тапсырма беретінін айтты. 

«9 маусымда сайлауда жеңе алсам, ал оған күмәнданбаймын, онда мен көшелерде фотосуреттерім мен суретім салынған билбордтарды орнатпау туралы қосымша тапсырма беремін», - дейді президент. 

Айта кетсек, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр