Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қырғызстандағы жаңа сайланған президентке қатысты пікір білдірді

ҚР парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

15 қазан күні Қырғыз Республикасында президент сайлауы өтіп, ОСК мәліметтері бойынша социал-демократтар атынан түскен Сооронбай Жээнбеков жеңіске жеткен. Ол бұған дейін елдің премьер-министрі қызметін атқарған болатын.

“Бауырлас Қырғызстанның президенті болып тәжірибелі саясаткер сайланды. Сооронбай Жээнбеков Қазақстанмен екі арадағы ынтымақтастық мәселелерін жақсы түсінеді”, – деп жазды Тоқаев Твиттерде.

Бұған дейін Қырғызстанның жаңа президенті туралы қызық деректер жиынтығы жарияланған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Назарбаев Қырғыз еліндегі сайлауға араласуға қатысты: Мұның бәрі жалған (видео)

Талқылау