Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев: Көмекке шын мұқтаждар мен жұмыс істегісі келмей мемлекет ақшасына сүйенетіндерді анықтау керек

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Талдықорған қаласына жасаған сапары барысында әлеуметтік көмек жайлы айтты.

Тоқаев: Көмекке шын мұқтаждар мен жұмыс істегісі келмей мемлекет ақшасына сүйенетіндерді анықтау керек

Сапар барысында президент әлеуметтік мәселелерге тоқталды, деп ақорданың Twitter парақшасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

"Біздің басты мақсатымыз - адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, алдағы 2-3 жылда төтенше және үш ауысымдық мектептер мәселесін шешу керек, облыста тағы 20 мектеп салу қажет, осы мақсаттар үшін 2020-2021 жылдары 29 млрд теңге бөлу керек.

Алматы облысында медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі байқалады. Қалалардың жас мамандарын ауылдық жерлерге көшіруді ынталандыру қажет. Әкімдікте "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында жас мамандарды қабылдау үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастыру керек болады.

Жұмысшы жастар мен жас отбасылар үшін тұрғын үйді белсенді түрде салу қажет. Әкімдікте бастапқы жарнаның бір бөлігін "7-20-25" жеңілдікті ипотекасы бойынша тұрғын үй сертификаттарын беру механизмі іске қосылуы тиіс.

Сонымен қатар, әлеуметтік көмекке шын мұқтаж адамдар мен жұмыс істегісі келмей, мемлекеттік көмекке сүйеніп, жеңілдіктермен өмір сүретіндердің аражігін ажырату керек", - деді мемлекет басшысы.

Ол жердің шын еңбектенгісі келетін адамдарға тиесілі екенін атады. 

"Бұл үшін әкімдіктің екі міндеті: 1) жер телімдерін бөлу процедурасының ашықтығын арттыру, 2) жерді тиімді пайдалануды қатаң бақылауды қамтамасыз ету керек", - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ облыстағы жолдардың 22% қанағаттанарлықсыз екеніне назар аударды.

Осыған байланысты мемлекет басшысы облыс әкіміне 2025 жылға дейінгі төтенше жолдарды қайта құру жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр