Тоқаев қызылордалық дәрігерлерге: Жұмыстарыңыз оңай емес екенін жақсы білемін

Қазақстан президенті Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев көпсалалы балалар ауруханасында болып, дәрігерлермен әңгімелесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы өңірдегі 2017 жылы пайдалануға берілген емдеу мекемесінің жұмысымен, ондағы балаларды емдеу және сауықтыру үшін алынған заманауи медициналық құрылғылардың жұмысымен танысты.

Сонымен қатар, президент балалар ауруxанасының медициналық қызмет көрсететін кабинеттерін аралап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті.

Еркін әңгімелесу барысында Тоқаев бала денсаулығын жақсарту ісі мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жандана түсетінін айтты.

«Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың оңай емес екенін жақсы білемін. Балаларды емдеп, халықтың алғысына бөленіп жүрсіздер. Еңбектеріңіз елене берсін!» – дейді Тоқаев.

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мекемесі ұжымының жұмысына табыс тіледі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр