Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Ұлы тұлға Назарбаев артқан ауыр жүкті сезінемін

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісті, жемісті жолын жалғастыруды аса мәртебелі, қасиетті парыз деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Тоқаев

"Мен шын жүрегіммен, жан дүниеммен еліміздің негізін қалаушы ұлы тұлға артқан ауыр жүкті сезінемін. Дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, игілік және әділет жолын ту етіп, қарқынды дамуды жалғастыруға бар күшімді саламын", - деді Тоқаев.  

Nur Otan партиясының жарғысына сәйкес, ҚР президенттігіне үміткерлікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылған болатын. Съезд қатысушылары дауыс беріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. 

Нұрсұлтан Назарбаев сөз соңында Nur Otan партиясы атынан Тоқаевтың кандидарутасын қолдағандарға алғыс білдірді.

Талқылау