Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев қаржыгерлердің айлығын өсіру туралы тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 1 маусымнан бастап бюджет саласындағы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қ.Тоқаев қаржыгерлердің жалақысын көтеру туралы бұйрық берді

Бұл туралы Тоқаев өзінің  Twitter-дегі  парақшасында жариялады.

" Үкіметке бюджеттік саладағы еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын өсіруді 2019 жылдың 1 шілдесінен  1 маусымына ауыстыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің өміріне тікелей әсер етеді", - деп жазды Тоқаев.

 Айта кетсек, ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 пайызға көтеру туралы жариялаған еді.  Осы мақсатта мемлекеттен 2019-2021 жылдары қосымша 980 миллиард теңге бөлінетін болып шешілген.

Сондай-ақ тұңғыш президент жергілікті атқарушы органдардың төменгі қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25 пайызға арттыруды тапсырған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр