Тоқаев елордада ашық жатқан құдықтар туралы: Бұл масқара

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан активінің алдында сөз сөйлеп, қаладағы ашық жатқан кәріз құдықтары туралы айтты. Мемлекет басшысы мұны масқара деп атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Alt

Өз сөзінде Тоқаев ашық жатқан кәріз құдықтары туралы айтып, адамдардың өміріне қауіп төндіретінін атап өтті.

«Құдықтар мәселесі – бұл масқара. «Еуразияның жүрегі» деп атайтын астанамызда адамдар құдыққа түсіп, жоғалып кетіп жатыр. Тұтас үкімет әкімдікпен бірге бұл мәселені шеше алмай отыр», - дейді президент.

Мұнан кейін мемлекет басшысы биліктің аталған мәселенің шешімін табуға жақын қалғанын айтты. Алайда «Еуразияның үздік қаласы» атағы бар қалада балалардың ашық құдыққа құлап кетіп көз жұмуы ашындырады, дейді.

«Бұл не? Бұл масқара. Яғни жердегі мәселелермен айналысу керек. Аз сөйлеп, жай ғана жұмыс істеу қажет. Ең алдымен, адамдар үшін», - дейді Тоқаев. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр