Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Діни ұрандар адам құқығын таптап жатыр

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен БҰҰ-ның VII Өркениеттер Альянсы ғаламдық форумында діни факторлардың қанат жаюы кезеңінде дипломотиялық инновациялық тәсілдердің көбеюі керектігін айтты.

11703862

Сурет ҚР Парламенті сенаты

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Тоқаев экстремизм мен терроризмге қарсы заңдық деңгейдегі кешенді шешімдер қабылдауға шақырды.

“Діни ұғымы сай келмейтін тұрғындар туралы көп айтуға болады. Әркімдікі өзіне дұрыс. Бірақ, көптеген діни ұран мен айғайдың тасасында адамдардың бостандығы мен құқықтары тапталып, соңы террорлық әрекеттерге ұласып жатыр. Бұл өз кезегінде адамдардың шығыны мен аумақтардың шектелуіне әкеліп соғады”, – деді спикер.

Спикер Өркениеттер Альянсының мақсаты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік дін көшбасшылары мен дәстүрлі дін өкілдерінің басын қосқан бастамаға ұқсас екенін де айтты. 2016 жылдың 31 мамырында Съезд бастамасымен “Дін терроризмге қарсы” атты конференция өткізілмек. Бұл конференция барысында әртүрлі елдің парламент мүшелері мен діни қайраткерлер бір үстелде бас қосады.

“Діни фактор белең алған жерлерде, дәстүрлі дипломотия иноовациялық тәсілдерді қажет етеді”, – дейді Тоқаев.

Ол сондай-ақ, форумға қатысушыларды Назарбаевтың “Әлем. ХХI ғасыр” атты манивестіне көңіл бөлуге шақырды. Онда қазіргі әлемдегі соғыста сөзсіз жеңімпаздың шықпайтыны айтылған. Тиісінше әлем бейбітшілікте өмір сүруі үшін ядролық қарудан бас тартып, бейбіт келіссөздер мен шынайы қарым-қатынас орнауы керектігі де айтылған.

Талқылау