Тоқаев білім саласындағы үздіксіз реформаларды тоқтата тұруды ұсынды

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 11:36

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласында терең және жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды деп есептейді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Елімізде орта білім беру саласы жиі реформалар жүргізілетін салалардың қатарында жатады. Соңғы жылдары мектептеріміз үнемі реформалар жүргізілетін режимде жұмыс істеуде. Соған қарамастан бұл сала заман талабына сай жаңғыртылды деп айта алмаймыз. Жүргізілген реформалардың тиімділігі көрінетін нәтижелерге әлі де қол жеткізген жоқпыз”,  деді Тоқаев сенатта өтіп жатқан парламенттік тыңдау барысында.

Оның айтуынша, білім беру жүйесіндегі өзгерістер қоғамды қатты толғандырады.

“Оның себептері түсіндіру шараларының жеткіліксіз деңгейде жүргізілуі, білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың тиісті деңгейде жүзеге аспауында және педагог мамандардың сапасына тікелей байланысты болып отыр”, — деді ол.

“Мүмкін бұл саладағы маңызды реформалардың үздіксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. “Қандай жетістікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік?” Алдымен осыларға баға беріп алу керек. Білім беру саласында терең және жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды”, — деді сенат төрағасы.

Жіберіп алмаңыз:

Тоқаев: үкімет мұғалімдердің жалақысын көтеруі тиіс

Корея президенті: Қазақстанда кәрістерді “төртінші жүзге” жатқызады

Елбасы Алматыдағы сапарынан кейін арнайы мәлімдеме жасады

“Ахметов ісі” бойынша сотталғандардың барлығы түрмеден шығып үлгерген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар