Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев азаматтардың заңсыз жиынына қатысты: Мен сіздерге қатаң түрде ескерту жасаймын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жиынына қатысты пікір білдірді. Заңның барлық қазақстандықтар үшін бірдей екенін атап өтті.

Тоқаев азаматтардың заңсыз жиынына қатысты: Мен сіздерге қатаң түрде ескерту жасаймын

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың сөзін жариялады.

"Менің түсінігімде әділет заңның үстемдігі болуы керек, заңды барлығы сақтауға тиісті. Мемлекеттік органдар да, құқық қорғау органдары да, еліміздің азаматтары да сақтауы керек. Қандай да бір сын айтылу керек болса, ол заң аясында болсын. Егер азаматтардың жиынына қатысты айтсақ, онда адамдар рұқсат берілген жиынға ғана шығуы керек. Сондықтан мен қатаң түрде ескерту жасап отырмын. Елде заң сақталуы керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде осылай деді. Мемлекет басшысы 2 мамырда Талдықорғанда болды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр