Тоқаев Астанадағы 5 баланың өлімі туралы: Бұл жағдай сабақ болуы тиіс

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ол бұл жайта барлығы үшін сабақ болатынын атап өтті, деп жазады Stan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Астанада өрттен көз жұмған 5 бала туралы жаңалықты терең күйзеліспен қабылдадым. Бұл үлкен қасірет. Марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Бұл жағдай тиісті мемлекеттік органдар мен жалпы қоғамға сабақ болуы тиіс», – деп жазды сенат төрағасы Twitter-де.

Еске сала кетсек, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.

Жеті адамнан тұратын отбасы аумағы 30 шаршы метр болатын уақытша баспанада тұрып келіпті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр