Тоқаев алғашқы қазақстандық шыны шығаруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі шыны зауытын іске қосып, алғашқы қазақстандық шыны шығаруды тапсырды.

«Шыны зауытының құрылысын аяқтау керек. Оның айналасында тиісті өндіріс салып, бизнес-кластерді дамыту үшін жағдай жасау керек. «Бәйтерек» холдингіне әкімдікпен бірге зауытты іске қосып, алғашқы қазақстандық шыны шығаруды тапсырамын», - дейді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қызылордаға барған сапарында көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынатынын айтты

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр