Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты

Әбілқайыр Сқақов қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тоқаев Әбілқайыр Сқақовты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты

«Мемлекет басшысының өкімімен Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды», - делінеді хабарламада.

Президент аталған қызметке Бауыржан Тортаевты тағайындады.

Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Бахытжан Намаев ҚР президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды.
 

Талқылау