Жекпе-жектің жеңімпаз төбеттері $40 мың тұрады

Жұма, 20 Қараша , 2015 0:22

      Бүгінде қалалық жерде өмір сүрсе де төбет иттерді асыраушылардың саны көбейіп барады. Олардың бірі асыл тұқымды төбеттер санын көбейтуді көздесе тағы бірі мұны кәсіпке айналдырған. STAN.KZ тілшісі итбегілердің мақсатын біліп,жетістіктерімен танысып  құны$40 мын тұратын төбеттерді көріп  қайтқан еді.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Қуандық Мұсаев, жиырма жылдан бері Қазақтың төбеттерін көбейтіп сату мен айналысып келеді. Айтуынша, қазіргі жан бағатын кәсібі осы. Бүгінде,  отызға жуық ит асырап отыр.

 

 OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Салмағы 50 мен 80 келіге дейін баратын төбеттер жылына бір – ақ рет күшіктейді  екен. Тіпті, Қуандықтың сұрыпталған иттерінен шыққан күшіктерді Рессей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен арнайы келіп сатып алады екен. Айтуынша, өмірімнің тең жартысын осы төбет иттерге арнаған.

4

Қуандық Мұсаев, жиырма жылдың ішінде екі мыңға жуық  таза тұқымды итті  көбейтіп сатқан. Бүгінде  отызға жуық итке арнайы қора салып, күтіміне көңіл бөлген. Оларға күніне  азық ретінде таза болмаса да 60кг ет  тауып беріп отыр.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Ал  Сержан Әлмұратов бүгінде  Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан жерінен таза қанды төбет  иттерді елімізге тасуда.  Мақсаты, қасқырға бетпе-бет баратын нағыз жүректі иттерді тәрбиелеу.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Алматы іргесінде нағыз қазақы төбеттер күш сынайтын  орын да ашылған. Мұнда  еліміздің барлық өңірлерінен,шетелден төбетке қызығатындар жиналып таза тұқымды иттерді анықтайды.

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Бес жылдан бері  Қазақстанның барлық аймағынан, шетелден  түрлі төбеттерді асырап алдым. Қазір қолымда он ит қалды. Олардың бәрін жекпе-жекке арнайы дайындаймын. Ол үшін денсаулығын үнемі тексертіп, дұрыс тамақтандыру керек. Қыста жүгіртіп, жазда жүздіріп спортшы сияқты жарысқа дайындаймыз. Бабында тұрған иттерді шетелдік жарыстарға шығарып тұрамын,- дейді Сержан Әлмұратов

5

Төбеттердің төбелесінде жеңімпаздары итбегілер арасында өте танымал. Әрі одан  барынша тұқым алып қалуға  тырысады. Сондай-ақ,олардың күшігінің бағасы 100  мыңнан бастап $40  мыңнан асады. Себебі олар, қожайынына бұл соманы  жарыстардың кезінде еселеп қайтара алады. Жекпе-жектердің басты сыйлығы ретінде ең қымбат жол талғамайтын көліктер қойылады екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар