Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тищенко өзінің Левитті жеңгенінде күмән болмауы тиіс екенін мәлімдеді

2016 жылғы Олимпиада чемпионы, ресейлік боксшы Евгений Тищенко қазақстандық Василий Левитпен жекпе-жек нәтижесінде жеңіске жеткеніне еш күмән келтірмейтінін мәлімдеді.

photo-39024234234

Фото: kazday.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

91 келіге дейінгі шайқастың ақырғы ойынында Левит 0-3 есебімен Тищенкодан жеңілген еді. Төрешілер жеңісті ресейлік спортшыға берген кезде жанкүйерлер наразылық білдірген.

“Менің жеңісімде күмән болмауы тиіс, – деді Тищенко. – Мұнда даулы жекпе-жектер өте көп болды деп ойлаймын. Жартылай финалда Виталий Дунайцевқа ашықтан-ашық  жеңіс бермеді, ешкім үн қатпады да. Ал бізге жеңіс берсе, неге екенін белгісіз, үлкен дау туындайды”.

“Бірақ мен өз жеңісім үшін қуаныштымын және Олимпиада чемпионы екенімді енді сезініп келемін, мен мұны мақтан тұтамын”, – деді боксшы.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуі жанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

AIBA ережесі бойынша, ел федерациясы жекпе-жек нәтижесіне қатысты шағым түсіре алмайды. Кейінірек аталмыш кездесуге қазылық жасағантөрешілердің спорттық шаралардан шеттетілгені мәлім болды.

Алайда Левитті барша жанкүйерлер мен спорт функционерлері қызу қолдап, оған “алтын” алған спортшыға тағайындалған сыйақының да берілетіні белгілі болды. Ал қазақстандық әзілкештер болса, аталмыш жекпе-жекке қатысты қалжың ролик түсіріп, желіде ресейлік боксшыны әжуалады.

Талқылау