Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тірідей жұту: қазақстандықтарға ауруларын қоңызбен емдеу ұсынылды

Қазақстанда “қоңызбен емдеу” деп аталатын жаңа экзотикалық тәсіл пайда болды. Дұрыстап ем қону үшін әлгі жіндікті тірідей жұту қажет екен.

a0e7319ee4df317d24c387bddc9ad721

Фото: flickr

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Тірідей жұтылған жәндік адам асқазанында өледі. Олар өлер алдында емдік әсер беретін ферментті бөліп шығарады екен. Бұлай емделушілердің айтуынша, емнің осы бір түрі СПИД, рак, қант диабеті секілді асқынған аурулардың бетін қайтаратын көрінеді. Сонымен қатар, жәндік адамның арықтап, қауқарын арттыруға да әсерін тигізеді.

Ондай қоңыздарды үй аквариуымында ұстайтын блогер Наталья Макарова емдеудің бұл тәсілін қолдайды. Онкологиялық ауруға шалдыққандар бұл қоңыздарды бір-біріне тегін береді екен. Натальяның айтуынша, кей таныстары расында осы тәсілдің көмегімен ауруларынан айыққан.

Интернетте қоңызбен емделуге арналған сауда-саттық жарнамасы толып жүр. Бір курсына 200 дана жәндік керек екен. Күн сайын біреуден жұтып, біртіндеп тәулігіне 30 қоңызды талғамай қылғытып салатындай күйге жету қажет. Бір қоңыз – 100 теңге тұрады.

Оқи отырыңыз:

Жақсылық Досқалиев жыл дәрігері атанды

Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты

Ақтауда жаралы ер адамды аурухана есігі алдына әкеліп тастап кетті (видео)

Босану кезінде көз жұмған әйелдің анасы бас дәрігерді ұрып тастады

Талқылау